Тарифтер
Тұрақты жазылым. Платформа төлемдеріңізден пайыз алмайды — ақша бізді айналып өтіп, тікелей сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі. Kaspi QR арқылы қабылдау комиссиясын (0,95 %) Kaspi-дің өзі ұстайды, кез келген сервиссіз де солай.
| Тариф | Бағасы | Айына счёт | Күндік қорғаныс шегі | Кімге |
|---|---|---|---|---|
| Бастау | 4 990 ₸/ай | 800 | 200 | жеке мамандар, курстар, кеңес беру |
| Бизнес | 14 900 ₸/ай | 4 000 | 1 500 | интернет-дүкендер, сервистер |
| Про | 39 900 ₸/ай | 15 000 | 5 000 | маркетплейстер, бірнеше касса |
| Серіктес | 79 900 ₸/ай | 30 000 | 2 000 | интеграторлар, маркетплейстер, франшизалар: Partner API, барлық клиентке бір жазылым |
7 күн тегін. Сынақ мерзімі тіркелуден емес, бірінші нақты счёттан басталады — бір апта sandbox-та дайындалып, содан кейін ғана есепті бастауға болады. Сынақта — күніне 50 счётқа дейін.
Лимит күн бойынша емес, күнтізбелік ай бойынша саналады: бір қарбалас күн (жеңілдік, іске қосу) жұмысты тоқтатпайды. Күндік шек — бизнес шектеуі емес, циклге түсіп кеткен интеграциядан қорғаныс; ол орташа күндік жүктемеден бірнеше есе жоғары, қалыпты жұмыста соғылмайды. Sandbox шектелмейді.
Барлық тарифте бәрі бар: QR мен төлем сілтемелері, телефон нөміріне счёт, дайын төлем беті, чек, қолтаңбалы webhook, қайтару, жазылым (кестелі счёт), топтап шығару, Telegram-бот, WordPress пен OpenCart модульдері, Node.js, PHP, Python SDK, Partner API. Тек көлемі өзгереді.
Төлем — кабинеттен Kaspi арқылы, тариф төленген сәтте қосылады. Лимиттің 80 %-ына жақындағанда Telegram-ға хабар келеді.
Басқа сервистермен салыстыру
Қазақстан нарығында Kaspi Pay-дегі «Кассир» рөлі арқылы жұмыс істейтін бірнеше тәуелсіз сервис бар. Төменде — 11.11.2026 күнгі жарияланған бастапқы тарифтер. Kaspi QR комиссиясы бәрінде бірдей және бөлек төленеді.
| Сервис | Бастапқы ақылы тариф | Лимит неге саналады | Тегін |
|---|---|---|---|
| Qut Pay | 4 990 ₸/ай — айына 800 счёт | жасалған счёт, айына | 7 күн, бірінші нақты счёттан |
| KazPayment | 4 490 ₸/ай — 1 200 төлем | төленген төлем, 30 күнде | 100 төлемге дейін тегін тариф |
| Aitole | 7 000 ₸/ай — 500 төлем | төленген төлем, айына | 20 төлемге дейін тегін тариф |
| ApiPay | 10 000 ₸/ай — күніне 30 счёт | жасалған счёт, күніне | 3 күн |
| xpayment | 10 000 ₸/ай — 250 төлем | төленген төлем, айына | 3 күн |
| AgentPay | 10 000 ₸/ай — 300 төлем | төлем, айына | мерзімі көрсетілмеген |
| invoices.kz | төленген сомадан 2 % | пайыз | — |
Бағалар сервистердің сайттарынан, 11.11.2026 тексерілді. Толық салыстыру мен есептеу тәсілі: білім базасындағы мақала.
Бірліктер әртүрлі: жасалған счёт төленбегенін де санайды, төленген төлем тек түскен ақшаны санайды, ал күндік лимит шыңды шектейді. Qut Pay-де 800 счёт 4 990 ₸, күндік шың 200-ге дейін.
Ешбір тарифте өзгермейтіні
- Ақша сіздің Kaspi Pay шотыңызға түседі. Платформа төлемді ұстамайды да, өткізбейді де.
- Қолжетімділік — тек «Кассир» рөлінің құқығы: счёт шығару, күйін көру, өз счёты бойынша қайтару. Байланыс кабинеттен кез келген уақытта үзіледі.
- Qut Pay — тәуелсіз сервис, «Kaspi Bank» АҚ-мен аффилирленбеген. Kaspi және Kaspi Pay — құқық иесінің тауар белгілері.
15 минутта қалай қосу → · Кабинетке кіру · Тарифтердің толық шарттары